Жылыой балалар- жасөспірім спорт мектебі

 

            «Жылыой балалар- жасөспірім спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, дене тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылған, мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық- құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

            Атырау облысы  Жылыой  аудандық Әкімиятының 2004 жылғы қаңтар айының 12-ші жұлдызындағы №4 Қаулысын басшылыққа ала отырып Құлсары қаласының балалар және жасөспірімдер спорт кешені болып жұмыс істей бастады. Мектепті басқарған директорлар:

2003-04 ж.ж. – Есенғазиев Серік Баймұқанұлы.

2004-05 ж.ж. – Нұршин Таңат Маратұлы.

2005-07 ж.ж. – Раушанов Асан Сайынұлы.

2007 жылдан бері-Есенғожин Асман Сайынұлы.                                                                                            

 

Мекеменің атауы

Директорлары

Мекен жайы

Байланыс

телефондары

Қабылдайтын

күндері

«Жылыой балалар- жасөспірім спорт мектебі»

Есенғожин Асман Сайынұлы

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі.

8- 71237- 50442

(факс).

8- 71237- 50789.

Күн сайын.

Жұмыс уақыты:

09.00-12.00 және14.00-18.00.

Сенбі күні:

09.00-12.00.

 

           Жылыой балалар- жасөспірім спорт мектебінің басты міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектерарасында денсаулықты нығайту мен дене күшін жан- жақты дамытуға бағытталған дене шынықтыру- сауықтыру  және тәрбие жұмысын жүзеге асыру  және спортшыларды олимпиадалық  резервтік балалар- жасөспірім спорт мектептеріне, спорт бағытындағы мектеп – интернаттарына дайындау мақсатында жүйелі спорт процесінде дарынды балалар мен жеткіншектерді анықтау болып табылады.       2009/2010 оқу жылына  мектебімізде спорттың 4 түрінен: бокс, таекван-до, дзю-до, қазақ күресі бөлімдері бойынша  33 топ,  412 жаттығушы тіркелді.  Биыл мектепте 10 мұғалім- жаттықтырушы жұмыс істейді.

        Биылғы 2009/10 оқу жылы басталғалы спортшыларымыз облыс, республика  көлеміндегі жарыстарға қатысып нәтижелі көрсеткіштер көрсетуде.

1.      Қыркүйек айының 4-6 жұлдыздарында Атырау қаласында өткен 1994-95 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы дзю-додан Облыс чемпионатына қатысып,дзю-дошымыз Н.Ташева жеңімпаз атанып, Тараз қаласында өткен Қазақстан Чемпионатына қатысуға жолдама алды.

2.      Қыркүйек айының 23-27 жұлдыздарында Қостанай қаласында өткен бокстан  ХХІҮ Олимпиада жүлдегері, Спорт шебері А.Мирошниченконы еске алуға арналған Республикалық жүлдеге қатысып, боксшымыз Т.Амандаулетов жеңімпаз атанды.

Алдағы уақытта өткелі жатырған жарыстарға қатысып, жақсы көрсеткіштер көрсетуге жұмыстанамыз. Қатысам  деушілерге есігіміз әрдайым ашық!

 

 

 

 

 

Құлсары  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебі

 

«Құлсары  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебі »  мемлекеттік  мекемесі  заңды  тұлға  мәртебесіне  ие, дене  тәрбиесі  және  спортты  дамыту  жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  құрылған, мемлекеттік  мекеменің  ұйымдастырушылық – құқықтық  нысанындағы  коммерциялық  емес  ұйым  болып  табылады. Мектеп 1968 жылдан  бері  жұмыс  істейді. Мектепте директорлық қызмет атқарғандар:

1968ж – 1985  Сүлейменов  Диас;

1985 – 1989ж.ж Қайтупов Сенім;

1989 – 1991ж.ж. – Есеналиев Нұрмұхамбет;

1991 – 1993ж.ж. – Жанғалиев Марат;

1993 – 2002ж.ж. – Какимова Айгүл;

2002-2003ж.ж. – Елтезеров Ізбасар;

2003-2004ж.ж. – Алтаев Айбек;

2004 – 2005 ж.ж. –Қуанова Эльвира;

2005 – 2008ж.ж. – Мухизов Алым;

2008–2009ж.ж.- Өришанов Амантай;

2009 ж, - Бекенов Абзал;

 

Мекеменің атауы

Директорлары

Мекен жайы

Байланыс  телефондары

Қабылдайтын  күндері

«Құлсары  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебі»

Бекенов Абзал

Құлсары  қаласы,Жаншы Таңқыбаев  көшесі,  26 үй.

8-71237-57594 (факс)

Күн  сайын. Жұмыс  уақыты:  09.00-12.00

және 14.00-18.00

 

Құлсары  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебінің  басты  міндеттерінің  бірі  балалар  мен  жеткіншектер  арасында  денсаулықты  нығайту  мен  дене  күшін  жан – жақты  дамытуға  бағытталған  дене  шынықтыру, сауықтыру және тәрбие  жұмысын  жүзеге асыру  мен  спортшыларды  олимпиадалық  резервтік  балалар – жасөспірімдер  спорт  мектептеріне, спорт  бағытындағы  мектеп – интернаттарына  дайындау  мақсатында  жүйелі  спорт  процесінде  дарынды  балаларды  анықтау  болып  табылады. Мектебімізден  еркін  күрес  бөлімінен  6  жаттығушы  балалар  спорт  бағытындағы  мектеп – интернатына  түсті. Атап  көрсетсек:

2009 – 2010 оқу  жылына мектебімізде спорттың 5  түрінен: еркін  күрес,тоғызқұмалақ, баскетбол,волейбол, футбол бөлімдері  бойынша 45 топ,605 жаттығушы  тіркелді. Биыл  мектепте 15 мұғалім – жаттықтырушы  жұмыс  істейді.

            2009 – 2010 оқу  жылында  өткелі  жатырған  жарыстарға  қатысып, жақсы  көрсеткіштер көрсетуге  жұмыстанамыз. Қатысам  деушілерге  есігіміз  әрдайым  ашық!